Главные новости Перми
Пермь
Сентябрь
2021

"Оныншы сыныптан бері жоспарлаған". Пермьдегі жантүршігерлік атыс қалай болды?

0

Кеше, 20 қыркүйекте Ресейдің Пермь қаласында жантүршігерлік оқиға болды: 18 жастағы студент жігіт оқу орнында атыс шығарып, бірнеше адам қаза тапты. Зардап шеккендер де бар. Студенттің мұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны белгісіз. Таныстары, оны көрген адамдар мен ата-анасының айтуынша, ол өзімен өзі жүрген, сабырлы, тыныш бала болған. Бір белгілісі: ол бұл әрекетін оныншы сыныптан бері жоспарлаған екен. Университетте болған қайғылы оқиға туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Оқиға қалай басталды? 

20 қыркүйекте сағат 13.00 шамасында әлеуметтік желіде адамшошырлық видео тарады: Ресейдегі оқу орындарының бірінде атыс шығып, есі шыққан студенттер ғимарат терезесінен секіре бастаған. Артынша оқиға Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде болғаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, студенттердің жартысы мен мұғалімдер ғимараттан қашып үлгерген. Қалғаны аудиторияларда жасырынып отырды. 59.RU мәліметінше, көп ұзамай университеттің баспасөз қызметі желіде тараған ақпаратты растады. Студент травматикалық қарумен сағат 11.00 шамасында атыс шығарған. 

Желіде тараған видео кадры

Ол заңды түрде сатып алған 12 калибрлі Huglu тегіс ұңғылы мылтығымен университеттің сегізінші корпусына кіріп, атыс шығарған. Кемінде 30 рет атқан. Бастапқыда қаруланған студент көшеде атыс шығарған. Артынша куәгерлер жақын маңда жол апатын тіркеп тұрған жол-патрульдік қызметкері Константин Калининді шақырған. Ол атыс шығарған студентке қару қолданып, оны тоқтатқан. 

Бастапқыда атыс салдарынан сегіз адам қаза болғаны хабарланған. Алайда федерал апаттар медицинасы орталығының жедел мәліметтері бойынша, университетте болған оқиға кезінде алты адам мерт болған, тағы жиырма төрт адам зардап шеккен, оларға медициналық көмек көрсетілді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriTV (@tengritv)

59.ru басылымы қаза тапқандардың тізімін жариялады. Оның ішінде, 43 жылдық тәжірибесі бар эндоскопист дәрігер Маргарита Энгаус бар. Әйел адам алты ай бұрын ауруханадан зейнетке шыққан. БАҚ мәліметінше, дәрігер университетке немересімен бірге қыдырып келген. Атқыштың қолынан 18-26 жас аралығындағы адамдар қаза тапқан. 

Студент Тимур Бекмансұровтың қолынан қаза болғандар:

Энгаус Маргарита Геннадиевна - 66 жаста;

Арамелев Ярослав Алексеевич -19 жаста;

Самченко Ксения Павловна - 18 жаста;

Шакирова Екатерина Родомировна - 19 жаста;

Айгельдина Анна Александровна - 26 жаста;

Мохова Александра Юрьевна - 20 жаста.

Атқыш туралы не белгілі? 

Университетте атыс шығарған Тимур Бекмансұров 18 жаста. РИА Новости мәліметінше, сол университеттің бірінші курсында "Сот сараптамасы" мамандығы бойынша оқып жүрген. Ақылы бөлімге түскен. Студенттердің айтуынша, олар Тимурды сирек көретін, сабаққа көп келмейтін, тіпті бірінші курс студенттеріне арналған шараларға да бармаған.     

Оның әкесі RT басылымына берген сұхбатында ұлы тек компьютерге қызыққанын, Пермьде анасымен тұрғанын айтқан. 

Фото: Baza телеграм-арнасы

"Мен әлі өз-өзіме келе алмай, таңғалып отырмын. Не істеді ол... Басында анам хабарласып, "осылай да осылай" деп түсіндірді. Есеңгіреп қалдым. Сосын бұрынғы әйеліме хабарластым, ол сол кезде полицияда отырған екен. Ол да не айтарын білмей таңғалып отыр", - дейді әкесі.  

Ер адам баласы бос уақытында немен айналысқанын да білмейтінін айтады. Оның сөзінше, ұлы үнемі компьютер алдында отыратын. 

Ал анасы Mash телеграм-арнасына берген сұхбатында бұған дейін ұлының мінезінен ешқандай оғаш қылық байқамағанын айтады. Соңғы рет ұлын 20 қыркүйекте көрген, олар әдеттегідей қал-жағдай сұрасып, артынша анасы жұмысқа кеткен. 

"Бұған дейін баламмен дауласатындай жағдай болған емес. Баламмен қарым-қатынасымыз жақсы болатын. Үйде көп отыратын, тыныш, сабырлы бала, ешқайда шықпайтын, жаман нәрсе істеген емес. Сирек қыдыратын, көбіне үйде отыратын", - деді Наталья Бекмансұрова.  

Әкесі олардан бөлек тұрған. Бірақ ұлымен жиі хабарласып тұрған. 

Пермь қаласының Олег есімді (есімі өтініші бойынша өзгертілген) тұрғыны Тимурдың отбасының жағдайы жақсы болғанын, үйінде жалғыз бала болғанын айтады. 

"Анасы бас есепші болып жұмыс істейді. Тыныш, сабырлы бала болатын. Бұған дейін күдіктенетіндей ештеңе болмаған", - деді тұрғын РИА Новостиге берген сұхбатында.

Бекмансұров қаладағы № 60 мектепте оқыған. Сыныптастары да оның тыныш, әңгімеге жоқ екенін айтқан. 

"Өзімен өзі жүретін. Жалпы оған жақсы қарайтынбыз, ешкім оны ренжіткен емес", - дейді Антон есімді тұрғын.

Агенттік мәліметінше, Тимур оқиға болардан бір сағат бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында оныншы сыныптан бері қылмыс жасауды жоспарлағанын, ал қару сатып алу үшін ақша жинағанын жазған. Артынша атқыштың парақшасы бұғатталған. 

Сейсенбі, 21 қыркүйекте Пермьде аза тұту күні жарияланды. Губернатор Дмитрий Махониннің тапсырмасымен қаза тапқандардың отбасына бір миллион рубль, ал зардап шеккендерге 500 мың рубль өтемақы беріледі. 

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Перьмдегі ЖОО-да болған қанды оқиғадан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернатор Пермского края Дмитрий Махонин
Москва

Собянин: Детский фестиваль искусств «Небо» станет праздником для всей семьи


Спорт в Пермском крае
Пермский край

​В Перми 10 июня откроют новый бассейн в спорткомплексе «Энергия»


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Ролан Гаррос

Синнер повторил достижение Джоковича и Надаля по победам на "Больших шлемах"


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в Пермском крае
Пермский край

«А че так дорого?»: пермяки шокированы ценами на прогулочные рейсы до Закамска





Путин в Пермском крае
Москва

Путин провел совещание с членами Совета безопасности России


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Путин и Лукашенко обсудили парад в Минске




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Зеленский: после «заморозки» конфликт опять вспыхнет


Навальный в Пермском крае


Здоровье в Пермском крае


Частные объявления в Перми, в Пермском крае и в России






Загрузка...

Загрузка...



Оркестр

Оркестр Центрального округа Росгвардии выступил на площади у Большого театра в честь Дня защиты детей



Пермь

В ходе СВО погиб сержант Владимир Сидоров из Пермского края

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net