"Әлі де ұмытқан жоқпын": Абай Бегей мен Ақбота Керімбекованы не байланыстырады?
Абай Бегей мен Ақбота Керімбекова елдің қызу талқысына түсті. Бірнеше жыл бұрын жұрт жұптастырған жұлдыздар әлі де бір-бірін ұмыта алмай жүрген көрінеді деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Көпшілік Абай Бегей мен Ақбота Керімбекованы отбасылы екеніне қарамастан бір-біріне қосып әлек. Оған әншілердің өздері себеп болған.
Абай Бегей өнердегі әріптесімен аз уақыт бірге болса да, оны әлі ұмытпағанын жеткізді. Оған қоса, желіде екі жұлдыздың бір қолшатыр астында тұрған видеолары да тарап кетті. Оқырмандар бірден шоу-бизнес өкілдерін қайтадан жұптастыруға кіріскен.
Алайда, ел арасында туындаған түрлі болжамдарға әншілер уақытылы нүкте қойды. Анықталғандай, Абай мен Ақбота жақын арада бірге орындаған әндерінің бейнебаяынн жарыққа шығармақ. Желіге тараған бейнежазбалар клип түсірілімінен болып шықты.
Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекова мен Абай Бегейдің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Source: Kaz.nur.kz
