44 бала туған әйел жұртты таңғалдырды (видео)
Африканың угандалық тұрғыны Мариам Набатанцы әлемдегі алтын құрсақты ана саналады. 39 жастағы әйел күйеуінен 44 бала туған деп хабарлайды mama-likes.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото:lilu4you.ru
Өмірге 44 баланы аман-есен алып келгенімен, бүгінде оның 38-і ғана тірі қалған.
Мариамды әкесі мен өгей анасы 13 жасында тұрмысқа беріп жіберген. Ал жұбайы өзінен 27 жас ұлкен екен.
Фото:lilu4you.ru
"Ол кезде мен сезім мен махаббаттың не екенін қайдан білейін. Әке-шешем мені сатып, байып қалды. Ал күйеуімді тойдан кейін бір-ақ көрдім. Ол кезде менің ойым ешкімді қызықтырмады", - деп өткенін еске алды Мариам.
Аяғы ауыр болғандықтан, күйеуінен қорлық көрсе де кете алмаған.
Фото:lilu4you.ru
Мариам алғашқы егіздерін тойдан бір жыл өткен соң босанған.
Фото:lilu4you.ru
Содан кейін төрт рет төртемнен, алты рет егізден, төрт рет үшемді дүниеге алып келген. Ал қалған сәбилерді біреуден босаныпты.
Фото:lilu4you.ru
Күйеуімен 26 жыл отасқан Мариам Набатанцыдың бүгінде 10 қызы мен 28 ұлы бар.
Фото:lilu4you.ru
Ол қазір балаларын жалғыз асырап отыр. Өткен жылы көпбалалы әке отбасын тастап кетіпті.
Source: Kaz.nur.kz
