МИНСК. ҚазАқпарат – Польшамен шекараның Беларусь елі жағында 2 мыңға жуық босқын жиналды. Олар онда 8 қарашадан бері стихиялық лагерьлерде тұрып жатыр. Араларында әйелдер мен балалар көп. Бейсенбі күні Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (КХҰ) және БҰҰ-ның Беларусь Республикасындағы Босқындар істері жөніндегі басқармасы лагерьге барды: балалар мен әйелдерге гигиена заттары, азық-түлік жеткізілді. Алдағы таяу күндері Қызыл Крестің беларусьтық қоғамы оларға көрпелер, балаларға жылы киімдер, қолғаптар, бас киімдер мен аяқ киім алып барады. Читать дальше...