Отандық танымал әншіге қазақ жігіті миллион теңгелік білезік сыйлаған (фото)
Қазақстандық әнші Шаhизада түрік елінде жүріп қымбат сыйлыққа ие болды. Әртістің өнеріне ғашық қазақ жігіті бағасы миллион теңге тұратын білезікті сыйға тартқан деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасына жариялады.
"Түрік елінде мен үшін күтпеген қымбат сыйлық. 1000000 тұратын алтын білезікті өнеріме ғашық қазақ жігіті сыйлады. Қалай?", - деп жазады жанкүйері тарту еткен білезікті оқырмандарына көрсеткен Шаhизада.
Алайда, бұл суреттің астына неше түрлі мәндегі 200-ден аса пікір жазылған соң ба екен, әнші жазбасын өшіріп тастаған.
Отандық танымал әншіге қазақ жігіті миллион теңгелік білезік сыйлаған (фото)
Source: Kaz.nur.kz
