Түркия елі педофилдерге өлім жазасын қолданбақшы
Түркияда таяу жылдары педофилдерге өлім жазасын қолдануы мүмкін. Тиісті заң жобасын аталған елдің парламенті қарастырып жатыр деп хабарлайды Islam.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ. Билік басындағы Әділет және даму партиясы жет
Түркияда таяу жылдары педофилдерге өлім жазасын қолдануы мүмкін. Тиісті заң жобасын аталған елдің парламенті қарастырып жатыр деп хабарлайды Islam.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Түркия Түркия](https://static-nur.akamaized.net/pogudx6dslk0aq3o3.9b3a383b.jpg)
Көрнекі фото
Билік басындағы Әділет және даму партиясы жетекшісінің орынбасары әрі баспасөз хатшысы Мәһір Онал мұндай қадамға балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін барып отырғандарын мәлімдеді.
Осыдан бірер ай бұрын ғана, дәлірегі, осы жылдың сәуір айында педофилдерді міндетті түрде химиялық піштіру және 40 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қолданысқа енгізу турасында ұсыныс талқыға түскен болатын.
Source: Kaz.nur.kz