Назарбаевты туған күнімен құттықтаған Димаш елбасыға жүрекжарды лебізін арнады (фото)
Күні кеше 78 жасқа толған Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтаған Димаш Құдайберген елбасыға жүрекжарды лебізін арнады деп хабарлайды NUR.KZ.
Жас талант өзінің ақ тілектерін Instagram парақшасы арқылы жолдады.
"Туған күніңізбен, Нұрсұлтан Әбішулы. Тыныш, бейбіт өмірмен елімізді қамтамасыз етіп, биікке көтеріп жүргендігіңіз үшін рахмет. Аз ғана халқымыз бар қазақ елі, қазіргі таңда әлемнің дамыған ірі елдерімен бір деңгейге шығып келе жаткандығы өзіңіздің қалауыңызбен салынған сара жолдың ізімен келе жатқандығымыздың арқасында екендігі сөзсіз. Жүз жасаңыз", - деді Димаш.
Source: Kaz.nur.kz
