Кавказ жырлары
Железноводск дәптері. Үмітімді жалғаған!!! Кавказ саған қызық қуып бармағам , Қиялда емес жер жаһанды шарлаған. Шыбын жаным шырқыраған сырқаттан, Шиыр жолдар бастаған ед сандаған. Сұқтанбадым көкке тиген шыңыңа, Қарлы шыңың мұң қосқандай мұңыма . Аман-есен оралам ба Баянтауға, еліме, Төгілетін байтақ қырға шұғыла. Деген ойдан арыла алмай мен бейбақ Отырғанда төңірегім қыз ойнақ. Қызып жатты думанды топ мені де, Сөзбен іліп отыр дейді бізді ойлап. Әзіл, шіркін, дәрумен бе дегенмен Жүйрік не бар көңіл атты дөненнен. Читать дальше...