Фермерлерді қолдау: несиелерді ұзартуға 136,7 млрд теңге мақұлданды
АСТАНА. KAZINFORM - Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында мемлекеттің фермерлерге қолдау көрсетуі аясында несиелерді ұзартуға АКК желісі бойынша 52,6 млрд теңге және Азық-түлік корпорациясы желісі бойынша 84,1 млрд теңге мақұлданғаны айтылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.