Аршалы ауданының бес ауылында судан қауіп бар
АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты ауылдардан қар суы үздіксіз сыртқа шығарылып жатыр. Бұл ретте, аудан әкімдігі қар суынан айтарлықтай қауіп жоқ екеніне сендірді. ҚазАқпарат тілшісі Жібек жолы ауылындағы су тасқынының алдын алу шараларының барымен танысып қайтты.