Қаражат ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет - Президент бюджет қаржысын үнемдеу туралы
АСТАНА. KAZINFORM - Бюджет қаржысын оңды-солды жұмсауға болмайды. Мұны қатаң бақылауда ұстау керек. Қаражат ең қажет жобаларға, ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.