Елорда іргесіндегі Жібек Жолы ауылындағы мектеп құрылысы уақтылы аяқталмаған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаттары Мәди Елубаев пен Юлия Кучинская Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты «Жібек жолы» ауылындағы 300 орынға шақталған мектептің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.