Қазақстандағы Hyundai зауыты "геосаяси жағдайға байланысты" кей көліктерді шығаруды тоқтатқанын хабарлады
Қазақстанда Hyundai көлігін құрастыратын Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Accent және Hyundai Creta модельдерін шығаруды уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Автокөлік сататын және көлік иелеріне сервистік қызмет көрсететін қазақстандық Astana Motors компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауыттың көлік құрастыруға қажетті бөлшектері таусылған. Мәлімдемеде "Геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресейден жабдықтар жеткізілмейтін болды. Осы уақытқа дейін кәсіпорын қорда қалған жабдықтарды пайдаланып жұмыс істеді" делінген. Читать дальше...