Қаңтар оқиғасынан соң қамауға алынған ақтөбелік тұрмеде аштық жариялады
Қаңтар оқиғасынан соң қамалған 31 жастағы ақтөбелік Нұрсұлтан Исаев 2 тамызда Ақтөбедегі тергеу изоляторында аштық жариялаған. Бұл туралы Азатыққа Исаевтың әйелі Аида Хазеева айтты. Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі комитеті де Исаевтың Ақтөбегі тергеу изоляторында 2 тамыздан бастап аштық жариялағанын растады. - Исаевтың қылмыстық-атқару жүйесіне ешқандай шағымы жоқ, тергеу барысына наразы. Тұтқынның денсаулығы изолятор дәрігерлерінің бақылауында, - деп хабарлады Азаттыққа қылмыстық-атқару жүйесі комитеті. Читать дальше...