"Түсімде орманға қарай жүгіргендерді көремін". Әскери қоймадағы жарылыстан соң
Ресей әскерилері Красноярск өлкесі Ачинск қаласы маңындағы Каменка ауылында қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Бұл жерде төтенше жағдай әлі күшінде. Алғашқы эвакуациядан соң үйлеріне қайтуға рұқсат алған тұрғындар жарылыстар қайта басталғанда үйін тастап қашуға мәжбүр болған.