Елімізде заңсыз алтын өндіруден қанша шығын келді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда алтынның заңсыз айналымы фактілері бойынша 2020 жылдан 2023 жылға дейін 7 қылмыстық іс тергелді, оның төртеуі сотқа жіберілді. Шығын 1,5 млрд теңгеден асты. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Андрей Лукин Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына осы мәселе бойынша сауал жолдады.