Қазақстан мен Франция Балқаш көлі бассейніне ауқымды зерттеу жүргізу мүмкіндігін қарастырып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM - Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз франциялық делегациямен кездесіп, Балқаш көлін бірлесіп зерттеу мен жерасты суларын басқару саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.