Қырғызстандық көкпаршылар денсаулығын сақтандыра бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанның көкпаршылары жарыс кезінде жазатайым оқиғалардан денсаулығын сақтандыруды бастады. Бұл туралы Kok Boru_rulit Instagram блогына Қырғызстан спорт федерациясының вице-президенті Нұрлан Мақсұтов мәлімдеген, деп хабарлайды Қырғызстанның Кабар агенттігі.