Қазақстанның бірнеше өңірінде еріген қар суы тұрғындарды әбігерге салды. Мұндай ақпаратты Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары әлеуметтік желіге салып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі қар суынан қауіп барын бір ай бұрын ескерткен.
Мәскеудегі терактіге қатысты 11 адам ұсталып, сегізі сот шешімі бойынша екі айға тұтқындалды. Ұсталғандардың көбі – Тәжікстан азаматы. Олар кім? Немен айналысқан? Шолып шықтық.
Батыс басылымдары «Крокустағы» теракт ел ішіндегі қауіпсіздікке кепілдік беремін» деп уәде етіп, сырттан жау іздеген Путиннің имиджіне соққы жасады» деп жазды. Кейбір халықаралық басылым бұл трагедияны президент Путин қалай пайдалануы мүмкін екенін болжап жатыр. Баспасөз шолуына көз салайық.
Қазақстанда биыл шілдеде Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына әзірге 30 жолдама ғана бар. Спорт министрлігі олимпиадаға 80 жолдама алуды көздеп отыр, бірақ ведомство алтын медаль мен жүлде саны бойынша болжам жасаудан тартынады. Сарапшылар Токио-2020 ойындарындағы сәтсіздіктен соң жанкүйерлер құрама алтын жүлде алады деп үміттенетінін, алайда қазір елде "олимпиада алтынын алады-ау" дейтін фавориттер жоғын айтады.
Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).
123ru.net — живые новости в прямом эфире!
В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.