Елорда мектептерінде санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір аптадан соң мектепте жаңа оқу жылы басталады. Осы орайда бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде коронавирус індетінің алдын алу мақсатында мектептердің санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуіне қатысты мониторинг жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.