Жезқазғандағы жылу орталығының ескірген қазандығы жаңартылады
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Kazakhmys Energy компаниясы Жезқазған ЖЭО-сындағы ескірген қазандық агрегаттарының бірін алмастырады. Ескісі өзінің нормативтік мерзімін орындап болды. Жаңа жабдықтар Жезқазған тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етуі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.