Ақтөбе облысында жеті айда 64 бала жол апатынан зардап шеккен
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Ақтөбе облысында балалардың қатысуымен 54 жол апаты тіркелді, онда 64 бала зардап шеккен. Ал екеуі алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.