Қарағанды облысында бір тәулікте 7 дала өрті сөндірілді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жаңаарқа, Ақтоғай, Абай, Қарқаралы және Ұлытау аудандарында 10-нан 45 гектарға дейінгі алаңда дала өрті тіркелді. Қарағанды облысы ТЖ департаменті бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың және ерікті өртке қарсы құрылымдар өртті сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.