4 қазанда өткен сайлау нәтижелерімен келіспеген демонстранттар Бішкекте Қырғызстан парламенті – Жогорку Кенеш ғимараты мен президент әкімшілігі қоршауынан секіріп кірмекке талпынды. Демонстранттар ғимарат ауласына бөтелке, тас лақтырды.
Басында тәртіп сақшылары оларға кедергі келтірмеген. Азаттықтық Қырғыз қызметінің хабарлауынша, артынша полиция жиналғандарды резеңке оқ, жас ағызатын газ қолданып, күшпен таратқан.
Полиция мен арнайы жасақ қызметкерлері арнайы автокөлік және иттердің көмегімен демонстранттарды екіге бөліп жіберген. Читать дальше...