Украина президенті Зеленский 15 губернаторды қызметінен босатты
Украина президенті Владимир Зеленский 11 маусымда 15 облыстың басшысын қызметінен босатты. Бұл туралы Украина президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Руслан Рябошапка хабарлады. "Бүгін министрлер кабинетінен облыс жетекшілерін қызметінен босату туралы құжаттың алғашқысы келді. Онда Чернигов, Хмельницкий, Херсон, Тернополь, Сумы, Полтава, Одесса, Николаев, Львов, Кировоград, Киев, Ивано-Франковск, Запорожье, Закарпатье және Волынь облыстары жетекшілерінің қызметтен босатылғаны айтылған" деді Руслан Рябошапка. Читать дальше...