Алматыда бір жарым айда екі рет қатты сезілген жер сілкінісі нені аңғартты?
![Алматыда бір жарым айда екі рет қатты сезілген жер сілкінісі нені аңғартты?](https://gdb.rferl.org/01000000-0a00-0242-f20d-08dc3d29677c_cx21_cy23_cw77_w800_h450.jpg)
Алматы қаласында биыл екі рет қатты сезілген жерасты дүмпуі билік пен қоғамның төтенше жағдайға дайындығы қай деңгейде екенін көрсетті. Екі жолы да биліктің жұмысы қоғам сынына қалды. Елдегі ең ірі мегаполистің халқы да табиғат тосын мінез танытқанда өзін қалай ұстау керегін білмей, абдырап, абыржып қалатыны аңғарылды. Мамандар сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан қаланың халқының ондайға дайындығын пысықтау – билік органдарының міндеті дейді.