Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының бірі — Атырау зауытынан дау шықты. Кәсіпорын әкімшілігі мен жұмысшылар арасындағы кикілжің зауыт директоры мен бас инженердің жұмыстан кетуімен аяқталды. Тараптар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кезек-кезек үндеу жолдап, көмек сұрап жатты.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Еркін Тойбазаров мемлекеттік айып тұрағына қойылған автокөлігін тоғыз айдан бері таба алмай жүр. Полиция мәшине жоғалғанын растап, іздестіріп жатқанын хабарлаған. Бірақ нәтиже жоқ.
Наурыз айынан бастап Ақтөбеде жарық 40 пайыздай қымбаттауы мүмкін. Бұл халықтың наразылығын туғызып, жұрт қымбатшылыққа қарсы петиция жариялап, қол жинай бастады. Жарықтың қымбаттайтынына әсіресе қала іргесіндегі саяжай тұрғындары қатты наразы. Саяжайлардағы желі қала балансына алынбаған.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы сөйлеген сөздерін талдаған саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт президенттің неліктен саяси реформалар туралы айтуды сиреткенін түсіндірді. Саясаттағы кейінгі кездегі трендтер Ресейдің ығына жығылу мен репрессия машинасы күшейгенін білдіреді дейді сарапшы.
Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).
123ru.net — живые новости в прямом эфире!
В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.