Өскемен тұрғынының көлігі әкімдікке тиесілі тұрақтан жоғалып кетті. Полиция іс қозғады
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Еркін Тойбазаров мемлекеттік айып тұрағына қойылған автокөлігін тоғыз айдан бері таба алмай жүр. Полиция мәшине жоғалғанын растап, іздестіріп жатқанын хабарлаған. Бірақ нәтиже жоқ.