Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Август
2022

Құқық қорғау ұйымы: Швеция қазақстандық белсендіні депортацияласа, елінде қуғынға ұшырауы мүмкін

0

Австрияда шоғырланған Freedom For Eurasia үкіметтік емес ұйымы шамамен жеті жыл бұрын Қазақстанда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін елден кеткен азаматтық белсенді Ботагөз Исаеваны Швеция билігінің Қазақстанға депортациялайтынына алаңдап отыр. Ұйымның хабарлауынша, шілде соңында Швеция көші-қон агенттігі Ботагөз Исаеваның пана беру туралы өтінішін қабылдамай, оны елден шығару туралы шешім қабылдаған. Тамызда апелляциялық сот та шешімді өзгеріссіз қалдырған.

Freedom For Eurasia үкіметтік емес ұйымының өкілі Лейла Назгүл Сейітбек "егер Швеция билігі белсендіні Қазақстанға депортацияласа, Исаева тағы қудалануы мүмкін" деп қауіптенеді.

"Швеция билігі Ботагөз Исаеваға пана беруден бас тартты. Олар Қазақстан билігінің белсендіні қудалағанын дәлелдейтін айғақтарға қарамастан оған қауіп төніп тұрғанына сенбей отыр. Енді оны кез келген уақытта депортациялауы мүмкін" дейді Лейла Назгүл Сейітбек 27 тамызда Азаттық тілшісіне.

Ақпаратқа қарағанда, белсенді Ботагөз Исаеваны Freedom House ұйымы да қолдап, заңгермен қамтамасыз еткен. Бірақ құқық қорғаушылар алаңына қарамастан Швеция билігі депортация туралы шешім шығарды дейді Freedom For Eurasia өкілі.

Швецияның көші-қон агенттігі Азаттыққа жіберген қысқа хабарламасында "ықтиярхат алу туралы" өтінішті қараған кезде "Швеция көші-қон агенттігі швед заңы мен ЕО мен халықаралық заңдарға сүйенеді. Егер ықтиярхат беруге негіз табылмады деген шешім шықса, өтініш иесі туған еліне қайтарылуы тиіс. Мұндай шешімді апелляцияға беруге де мүмкіндік бар. Швециядан қайтару процесі мүмкіндігінше өз ерікпен жүзеге асырылады" деп жазылған.

Ал белсендінің өзі Азаттыққа "егер ерікті түрде кетпесем, сот шешіміне сәйкес, мені Швециядан күшпен шығаратынын" ескертті дейді. Исаева жағдайға қатты алаңдап отырғанын жеткізді.

"Қазақстан билігі соңғы екі айда 331 белсендіні қудалаған тәрізді мені де қудалауы мүмкін. Азаптап, Қазақстан билігін сынаған Зинаида Мухортова, қазақстандық адвокат, белсенді Ардақ Әшім мен өзге де белсенділер сияқты мені де психиатрия клиникасына қамауға тырысады деп ойлаймын" деді ол.

Қазақстандағы саяси қудалаулар туралы ақпарат тарататын құқық қорғаушылар түзген "Тірек" сайтындағы мәліметке сәйкес, 55 жастағы Ботагөз Исаева 2015 жылы елде қудаланып, артынша Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған. Оған дейін белсенді елде Ресеймен интеграцияға қарсы шыққан "Антиеуразиялық форум" жақтастарының жиынына қатысып, көзге түскен. "Вконтакте" желісіндегі "Солтүстік Қазақстан - орыс жері" сияқты Қазақстан мен Ресей заңына қайшы әрекет еткен топтарды жабуға қол жеткізген.

"2015 жылы 6 тамызда Ботагөз Исаеваның үстінен 174-бап 1-бөлім ("әлеуметтік алауыздық қоздыру" бабы) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сол жылы 7 желтоқсанда Ботагөз Исаеваның үйінде тінту болды. ҰҚК тергеушісі Ботагөз Исаеваны психиатрия клиникасына "тексеруге" жіберу туралы қаулыны көрсетті. Сол күні ол елден кетті. Қазір Қазақстаннан тыс жерде тұрып жатыр, халықаралық іздеу жарияланған" деп жазылған хабарламада.

Freedom For Eurasia ұйымының "Ботагөз Исаеваның қудалануы" бойынша Азаттыққа жіберген ақпаратында белсендінің "азапталғаны жайлы" толық баяндалған. Құқық қорғау ұйымының жазуынша, Ботагөз Исаеваны азаптауға "Қазақстан арнайы қызметі офицерлерінің қатысы бар". Олар “қылмыстық іс қозғамай жатып, белсендіні тергеп азаптаған, азаптау жайлы тіс жармау туралы хатқа қол қойғызған”. Азаттық әзірге ұлттық қауіпсіздік комитетінен іс бойынша жауап ала алмады. 

Құқық қорғау ұйымының мәліметінше, Ботагөз Исаева 2015 жылы Қазақстаннан кеткенмен елдегі қоғамдық-саяси мәселелерге әлі күнге дейін белсене араласып, елдегі белсенділермен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ұйым талдауында Ботагөз Исаеваны DongelekUstel "Азаматтық қоғам коалициясының" үйлестірушісі ретінде атайды. Аталған топ 2021 жылы желтоқсанда АҚШ конгресіне "қазақстандық клептократтар элитаға санкция салу" туралы ұсыныс жасаған. Ұйымның жазуынша, белсенді 2021 жылы парламент сайлауы қарсаңында тәуелсіз бақылаушыларды дайындауға да үлес қосқан.

"Адам құқығын қорғаушылар Ботагөз Исаеваның қауіпсіздігіне алаңдап отыр, себебі құқық қорғаушы, жемқорлықпен күресуші белсенді өзі сынаған режимнің қолына түскенде жағдай тек қиындауы мүмкін" дейді Freedom For Eurasia үкіметтік емес ұйымының өкілі Лейла Назгүл Сейітбек.

Азаттық 2015 жылы Ботагөз Исаеваға қозғалған іс бойынша Қазақстан ішкі істер министрлігіне сауал жолдаған. Министрліктің ресми жауабында Исаеваға қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғаны жазылған.

"2017 жылғы 20 желтоқсанда қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты Қылмыстық процестік кодекстің 35 бабының 1-бөлігі 2-тармағы негізінде өндіріспен тоқтатылды" деп жазылған министрлік жауабында. Ведомство Исаеваға халықаралық іздеу жарияланды деген ақпаратты да терістеген.

Құқық қорғаушылар Қазақстан билігін белсенділерді қудалағаны үшін жиі сынайды. Халықаралық Amnesty International ұйымы әлемдегі адам құқықтарының жайы туралы есебінде Қазақстан шектеуі көп заңдарды қолданып, билікке қарсы сын-пікір айтқандарды басып-жаншиды деп жазған.

Ал Қазақстан билігі "елде азаматтар саяси пікіріне байланысты қудаланады" деген пікірмен келіспейді.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин: Автомобили «Москвич» будут собирать по технологии полного цикла


Спорт в России и мире
Москва

"Зенит" в Москве обыграл ЦСКА и сравнял счет в серии


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Новак Джокович

Теннисист Джокович раздавал автографы в шлеме после попадания бутылкой в голову


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

"Погода идёт на поправку": Синоптик прогнозирует долгожданное потепление в Москве





Путин в России и мире
Москва

Как Россия побеждает в Африке: Волна военных переворотов приносит Путину новых союзников


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Лукашенко надеется на восстановление транспортных маршрутов с Израилем




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Мечтающего по победе Киева Макаревича* проверят на экстремизм


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Тимати

Невеста Тимати сводит с ума туристов откровенными купальниками на Мальдивах



Москва

В Коломне утвердили предмет охраны Дома Урываевых

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net