ІІМ алаяқтық әрекеттер туралы SMS хабарлама таратудың себебін түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың ұялы телефонына SMS хабарлама жіберіліп жатыр. Мақсат – тұрғындарды интернет алаяқтық әрекеттерден қорғау, ескерту. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.