Қаңтар оқиғасы: Қылмыскерлер Алматы әкімдігінде подполковникті өлтіріп, мәйітін өртеген
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласы әкімдігін күзеткен подполковникті қылмыскерлер өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.