Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.