Кітап оқуға шақырамыз!
Кітап оқуға шақырамыз!
Алматы облысы Қарасай ауданы
Көкөзек ауылындағы орта мектебі 11-сынып оқушысы
Слаймбай Қымбат Қуанышқызы
XXI ғасырдағы жастар арасында кітап оқу қаншалықты дәрежеде тұр? Иә, бұл сауал кез-келген адамды ойландырары сөзсіз. Алайда, тартыншақтыққа тап болып жатамыз. Кітап дегеніміз – рухани азық емес пе?! Сол кітап ең бірінші болып адам баласының алға қарай қадам басуына, биік белестер мен адамгершіліктің шыңына көтерілуге шексіз ақыл қосады. Кітап – сенің ұстазың. Ол жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның айырмашылығын тауып, оларды ажырата білуге үйретеді. Алға дұрыс жол көрсетеді.
Ал қазіргі жастарымыз кітап оқуға қаншалықты құмар? Әлі де болса қажеттілігін түсінді ме? Осы тұста оқырмандарымыз екіге бөлініп...