Депутаттың шамына тиген мақала. "Жала жабу" бабы жаңарғаннан кейінгі алғашқы іс
![Депутаттың шамына тиген мақала.](https://gdb.rferl.org/EDB170FF-1F03-48E1-98AD-33AF93DF5E37_cx0_cy16_cw0_w800_h450.jpg)
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Юлия Миронова журналист Жанар Асылханованы "жала жапты" деп айыптап, полицияға арыз жазды. Бұл - биыл маусымда "жала жабу" бабы Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстырылғаннан кейін елде ақпарат құралы өкіліне қарсы қозғалған алғашқы іс.