Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Октябрь
2020

Митинг қарсаңында Нұр-Сұлтанда полиция бірнеше белсендінің үйін тінтті

0
Митинг қарсаңында Нұр-Сұлтанда полиция бірнеше белсендінің үйін тінтті

27 қазан күні кешке қарай Нұр-Сұлтанда полиция бірнеше азаматтық белсендінің үйіне тінту жүргізді. Белсенділер мұны 31 қазанға белгіленген саяси реформа мен саяси-қуғын сүргінді тоқтатуды талап ететін митинг алдындағы қысым деп санайды. Полиция тінтудің сот санкциясына орай өткенін айтады.

Қазақстанның әр қаласындағы белсенділер мен құқық қорғаушылар 31 қазанда митинг өткізуді жоспарлайды. Қазір тек Алматы қаласының әкімдігі ғана құқық қорғаушылар Бақытжан Төреғожина мен Ғалым Ағелеуовке митингіге рұқсат берген. Ал Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Семей, Петропавл, Нұр-Сұлтанда белсенділер осы күнгі митингіге рұқсат ала алмай жүр.

Азаматтық белсенді Серік Жахиннің Азаттыққа айтуынша, полиция үйін 27 қазан кешкі сағат 7-де тінтіген. Пәтерді тінту шарасына тоғыз полицей қатысып, тағы бірнеше қызметкер мен арнайы жасақ пәтер сыртын күзеткен.

- Сот санкциясы туралы айтқанымен танысуға ешқандай құжат бермеді. Балалардың телефондарын, менің телефонымды, қайтыс болған анамның телефоны мен менің бір ескі блокноттарымды алып кетті. Не іздеп жатқандарын айтпады, - деді ол.

Үйінде тінту болған азаматтық белсенді Алтын Лесбаева полиция өкілдерінің қолында сот санкциясы болмағанын, оны талап еткен соң ғана алып келгендерін айтады. Оның үйінде тінту кешкі сағат он шамасында болған.

- Үнпарақ, Қазақстан туын, тыйым салынған үгіт-насихат қағаздарын іздеді. Таба алған жоқ. Мені Алматы аудандық полиция басқармасына апарып, жауап алған соң босатып жіберді. Түнгі үште үйге келдім, - дейді Алтын Лесбаева.

Бұдан бөлек, полиция 27 қазанда белсенділер – Әлия Жакупова, Әсел Оңланбекызы, Айнұр Мырзалиева мен Асқар Қайырбектің үйін де тінтіген. Әлия Жакупова мен Айнұр Мырзалиеваға "ешқайда кетпеу туралы" ескерту берілген.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова Қылмыстық-проессуалдық кодекске сілтеме жасап, сот санкциясының қашан қабылданғаны жайлы ақпарат беруден бас тартты. Ол азаматтық белсенді Асқар Қайырбекке қатысты істің сот өндірісіне келіп түскенін, бірақ әлі қаралмағанын хабарлады. Істің қай сотта қаралатынын да нақтыламады. Ал Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті полицияның азаматтық белсенділер үйін тінтігенін растап, бәрі сот санкциясымен болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда үйі тінтілген белсенділердің біразы елде "экстремистік" деп танылып, қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы ұйымдастыратын бейбіт жиындарға қатысып жүреді. Қазақстан соты белсенді Серік Жахинді былтыр қазанда "экстремистік ұйым деп танылған ҚДТ жұмысына араласты" деп бір жылға бас бостандығын шектеген. Еуропарламент 2019 жылғы резолюциясында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.

Қазан айының ортасында Алматы қалалық әкімдігі Liberty қорының президенті, құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов және "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның қалада митинг өткізу туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Құқық қорғаушылар митингінің негізгі тақырыбы "саяси реформа жүргізу және саяси себеппен қудалауды тоқтату" екенін хабарлаған. Бейбіт жиынға 500 адам адам қатысады деп жоспарланған.

Алматы әкімдігі ккі құқық қорғаушыға митингіге мүмкіндік берген соң Қазақстанның әр аймағында белсенділер дәл сол күні митинг өткізуге рұқсат сұраған. Билік рұқсат бермеген кейбір аймақта белсенділер Алматыдағы митингіге қатысуды жоспарлап жатқанын хабарлаған.

Шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, билікті сынаушы, ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов жақтастарын 31 қазанға жоспарланған митингіге қатысуға шақырған. Қазақстан билігі әдетте қандай да бір наразылық шарасы жоспарланса, ҚДТ жақтастарының үйін тінтіп, аңдып, полицияға шақыртып қысым жасайды.

Биыл қабылданған "Бейбіт жиын туралы" заңға сәйкес, азаматтар бейбіт митинг өткізу ниеті жайында билікке күні бұрын ескертуі тиіс. Әкімдік шараға рұқсат бермесе, онда ол "заңсыз" саналып, ұйымдастырушылар әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Осыған дейін жергілікті және халықаралық құқық қорғаушылар "жаңа заңда ескі шектеулер сақталып қалғанын" айтып, өткір сынаған.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин пригласил посетить форум-фестиваль «Территория будущего. Москва-2030»


Спорт в России и мире
Москва

"Спартак" объявил о расторжении контракта с Кейта Бальде


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Раиса Чебаника

ПКР поздравляет чемпионку Паралимпийских игр по настольному теннису Р. Чебанику с Юбилеем


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Депутат Михаил Мурзаков провел в Мытищах прием избирателей





Путин в России и мире
Москва

Моди собирается обсудить торговый дисбаланс с Путиным в Москве


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Орбан ответил на вопрос Life.ru о реакции Зеленского на предложение о мире


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Валерий Гергиев

Тур Валерия Гергиева и музыкантов Мариинского театра по Золотому кольцу откроется во Владимире



Москва

Участники автопробега «Дороги славы – наша история» прибыли в Псков

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net