«Хан Шатыр» сауда орталығында карантин тәртібін бұзу фактілері анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау басқармасы, жергілікті полиция қызметі және Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері кезекті рейдке шықты. Бұл жолы бақылаушылар ірі сауда орталықтарын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.