ЕЛІМІЗ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНЕ АЙНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАНЫҢ ТҰҢҒЫШ ЗАҢ АКТІСІ
ЕЛІМІЗ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНЕ АЙНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАНЫҢ ТҰҢҒЫШ ЗАҢ АКТІСІ
Осыдан тура 30 жыл бұрын 1990 жылы 25 қазан күні «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясын» жариялау конституциялық маңызы бар тарихи оқиға болды.
1990 жылдың соңғы тоқсанында КСРО мен РСФСР-дегі саяси жағдай сыртқатепкіш күштердің пайдасына тез қарқынмен дамыды және барлық дерлік одақтас республикалар мемлекеттік егемендік туралы декларацияларды қабылдады. Олардың кейбіреулері өздерін одақтық келісімшарттан тыс және осыған байланысты тәуелсіз деп жариялай алды.
Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация идеясы көптеген депутаттар мен Жоғарғы Кеңестен тыс жерде бұқараны билеп алғаны соншалық, 1990 жылғы 15 қыркүйекте республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ АКСР-ның құрылтай съезі «Қазақ Автономиялық...