Коммунистер сайлауға қатысады: ҚКХП-ның арнайы мәлімдемесі
![Коммунистер сайлауға қатысады: ҚКХП-ның арнайы мәлімдемесі](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/10/23/201023175313292e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының отырысы өтті. Отырыс барысында 2021 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысу туралы шешім қабылданды. Кезектен тыс Съезд шақырылып, партияның арнайы мәлімдемесі жасалды, деп хабарлайды аталған партияның баспасөз қызметі.