Қазақстанда коронавирус медицина қызметкерлерінің кәсіптік сырқатына теңестірілмек
![Қазақстанда коронавирус медицина қызметкерлерінің кәсіптік сырқатына теңестірілмек](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/10/23/201023175438757e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус медицина қызметкерлерінің кәсіптік сырқатына теңестірілуі мүмкін. Осы тұрғыда дәрігерлерге шығын өтеледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.