МӘСҚ медицина қызметкерлеріне 83 млрд теңге үстемеақы төледі
![МӘСҚ медицина қызметкерлеріне 83 млрд теңге үстемеақы төледі](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/10/23/201023182920762e.jpg)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры биыл наурыз-тамыз айлары арасында медицина қызметкерлеріне 83 млрд теңге көлемінде үстемеақы төлеген. Бұл туралы COVID-19-ға қарсы күреске орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында қордың департамент директоры Светлана Пономарева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.