Теміртауда түнгі клубтағылар жертөлеге жасырынған
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Мобильді топ мүшелері Теміртау қаласында түнде көңіл көтеру орындары жұмысын тоқтатпағанын анықтады. Есігін іштен іліп алған «Iq pub» дискотекасына шамамен 50 адам жиналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.