Тарих тағылымы
Мақалада тарихи тұлғалардың ерең еңбектерінің құндылықтары мен қазіргі жастардың патриоттық рухы талқыланады.
Әр күн, сәт, мүмкіндік, сағат, минут - бұл таусылмас айналып тұратын тарих. Тарихта небір оқиғалар орын алып, ізін қалдыруда; бірі жаман болса, екіншісі көңілге жағар жағымды заттар болмақ. Ал осы тарихи оқиғаның ортасында жүріп тайға таңба басқандай із қалдыру, есіміңді ғасырлар бойы еске алатындай іс істеу - әркімнің қолынан келе бермейтін дүние. Бұл кімдердің қолдарынан келді дерсіз бе? Ендіше, алыстан арбаламай, жақыннан дорбалайық. Бүгінде еліміздің тарих бетінде қалғандары жетерлік, алайда еліне қызмет еткен, халқына жанашыр болған тарихи тұлғаларымыз ел ішінде әлі күнге дейін "бір төбе" боп қала бермек. Олардың алдарында тұрғандары: Абай, Шәкәрім, Әлихан , Ахмет, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Мағжан,...