ЕГЕР СЫЙЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ
Білгенге - маржан
ЕГЕР СЫЙЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ
Үлкенге – сәлем;
Қуантқанға – сүйінші;
Соғымнан – сыбаға;
Егіннен – кеусен;
Малдан – көгендік;
Балаға – базарлық;
Киімге – байғазы;
Сәбиге – көрімдік;
Төркіндеген қызға – қалау;
Көрші қонғанға – ерулік;
Көшкенге – «айырылысар көже»;
Досқа – ескерткіш;
Жетім-жесірге – қолқайыр;
Мүсәпірге – садақа;
Алғашқы қымыздан – «қымызмұрындық»;
Соңғы қымыздан – «сірге жияр»;
Дәулетіңізден шүлен таратып бересіз;
Тойға – тойхана;
Құдалыққа – киіт;
Үйлену тойына – немеурін;
Азаматқа – сыйлық;
Қуанышқа – шашу;
Сағынғанда – сәлемдеме;
Асқа – саба (қымыз), сойыс;
Қазаға – аза апарасыз.
ЕГЕР СҰРАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ
Алладан – денсаулығыңызды;
Пайғамбардан – шапағат;
Қыдырдан...