Адам өмірінің мақсаты.1
Абай айнасы – рухани кемелдену
Әлбетте, дені сау, салауатты өмір кешіп, бұл өмірдің рақатын табу үшін әркім ең әуелі өмірдің түпкі мақсатын, яғни не үшін өмір сүретінін, анықтап алуы керек. Адамның барлық іс-әрекетінің сипаты, яғни оның көретін қайғысы да, рақаты да осыған көп байланысты болады. Абайдың рухани мұрасы адам өмірінің осы негізгі мақсатын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге сол мақсатқа жету жолын, ол жолмен адаспай жүру үшін бүкіл болмыс негіздерін, яғни Жаратушы, жан иелері, қоршаған табиғат, дұрыс іс-әрекет жөнінде білім береді.
Сонымен адам өмірінің негізгі мақсаты не? Бұл – әркімнің алдында тұрған негізгі сұрақ. Бұл сұраққа жауапты ұлы адамдардан бастап қарапайым адамдарға дейін бәрі іздейді....