Қырғызстан Президенті сайлауға қатысқан барлық 16 партия басшысын кездесуге шақырды
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков ертең, 6 қазан күні парламенттік сайлауға қатысқан партия көшбасшыларымен кездеседі. Бұл туралы Қырғыз президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.