Сайлаудан соңғы дау, кандидаттардың қарсылығы
Қазақстанда мәжіліс пен маслихат депутаттарын қайта сайлау керек дейді 19 наурыз күні жеңіліп қалған кандидаттар. Олар саяси науқанның әділетсіз өткенін айтады. Батыс Қазақстанда мәжіліс депутаттығына өте алмаған журналист сайлау комиссиялары "дауыс ұрлады, билікшіл адвокаттың мүддесіне жұмыс істеді" дейді. Адвокат жеңіске әділ жолмен жеткенін айтады. Ет сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер?! Қарағанды облысында дауыс беру жәшігіне бюллетенді топтап салған комиссия мүшелеріне айыппұл салынды. Кандидат қатаң жаза талап етеді.