«Синтетика» жасауға арналған 72 тонна прекурсор тәркіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат – ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін елге прекурсорлар жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.