"Атажұрт" соты алдында белсенділер полиция қысымына шағымданды
29 қаңтарда жалғасатын "Атажұрт" соты алдында тіркелмеген ұйымға мүше азаматтар өздерін полиция бөліміне шақырып жатқанын хабарлады. Кейбірінің үйіне полиция да барған. Солардың бірі Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында тұратын – Шаймұхамбет Алдажаров. Оның сөзінше, жергілікті полиция бүгін күндіз үйіне келген. "Екі көлік келді. Бірі – полиция көлігі, бірі – полицияныкы емес. Ол ар жағында тұрды. Сол басқарып тұрғандай көрінді. 29 қаңтар күні "сот жабық өтетінін білесіз бе?" деді. "Иә, білемін" дедім. Читать дальше...
