Ыстанбұлда қазақтың алғашқы скрипкашыларының бірі өмірден өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлда қазақ скрипкашыларының алғашқыларының бірі Əлім Алмат 101 жасында көз жұмды. Қайғылы хабар туралы Түркия Республикасы Мимар Синан университетінің профессоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіуақап Қара өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.