Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны аяқталды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес, СҚО-да дәнді, майлы дақылдар мен көкөністер егу бойынша көктемгі-егіс жұмыстары оңтайлы мерзімде аяқталды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.